Идеяңыз дайын дизайнға айналады

Жарқыраған футуристік көзілдірік таққан адам

Практикалық дизайн курсы

Жарнама баннерін, Reels мұқабасын, карусель мен презентацияны Figma, AI және Claude Code арқылы өзіңіз жасауды үйреніңіз.

Жұмысыңызға дизайн дағдысын қосыңыз. Композиция, түс пен қаріп негіздерін практикада қолданып, алғашқы портфолиоңызды жинаңыз.

Кімдерге арналған?

  • Таргетологтарға

    Офферді назар аударатын баннерге айналдырып, жарнамаға түрлі креатив дайындауды үйреніңіз.

  • Маркетологтарға

    Маркетингтік идеяларыңызды визуалмен жеткізіңіз. Акциялар мен ұсыныстарға қажетті дизайнды өзіңіз әзірлеңіз.

  • SMM мамандарына

    Пост, сторис, Reels мұқабасы мен карусельдерді бір стильде жасаңыз.

  • Универсал мамандарға

    Дизайн дағдысын қызметтеріңізге қосып, клиенттің бірнеше тапсырмасын өзіңіз орындаңыз.

  • Бастауыш дизайнерлерге

    Figma-ны нөлден меңгеріңіз. Алғашқы макеттен портфолиоға дейін практикамен жетіңіз.

Алғашқы макеттен
портфолиоға дейін

5 модуль, 17 практикалық сабақ. Модульді ашып, ішіндегі сабақтарды көріңіз.

Осындай макеттерді
өзіңіз жасайсыз

Баннер, мұқаба, сторис, карусель және постер.

Тарифтерді көру

Өзіңізге ыңғайлы
оқу форматын таңдаңыз

Өз бетіңізше

9 990 ₸

Сабақтарды өз қарқыныңызбен қарап, тапсырмаларды өз бетіңізше орындаңыз.

  • 5 модульдік бағдарлама
  • 17 бейнесабақ
  • Практикалық тапсырмалар
  • Сабаққа арналған материалдар
Өз бетімше оқу

Менімен жеке

5 орын

59 990 ₸

Менімен бірге үйреніп, жұмыстарыңыз бойынша жеке кері байланыс алыңыз.

  • 4 апталық курс
  • «Өз бетіңізше» тарифінің барлығы
  • Менімен жеке жұмыс
  • Практикалық тапсырмаларыңызды тексеру
  • Қателерді түзетуге нақты ұсыныстар
  • Оқу барысында сұрақтарыңызға жауап
  • Портфолиоңызды бірге талдау
Жеке оқу

Курс авторы

Танысайық,
мен — Мухамеджан

Графикалық және веб-дизайнермін. Дизайнды 2015 жылдан бастап үйреніп, тәжірибемді клиенттік жобаларда дамытып келемін.

DEM BRANDING аясында логотип, фирмалық стиль, жарнамалық баннер және сайт дизайнын жасаймын.

Бұл курста дизайнды неден бастау керегін, ақпаратты қалай дұрыс орналастыруды және идеяны дайын макетке қалай айналдыруды практика арқылы көрсетемін.

Мақсатым — өз бетіңізше ойланып, дизайн жасауға үйрету.

Келесі жұмысыңызды
жаңа дағдымен жасаңыз

Өзіңізге ыңғайлы тарифті таңдап, Figma мен AI арқылы дизайн жасауды үйреніңіз.

Курсқа қатысу